KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Шығыс Қазақстанда бірқатар жолдар жабылды

26.11.2022, 12:50 433 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан аумағында ауа райы жағдайына байланысты бірқатар тас жолдар жабылды.

Бүгін облыста қалың қар жауып, боран соғып, аяз түсті. Салдарынан автожолдарда көлік қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Республикалық маңызы бар тас жолдардың екі учаскесі жабылды: "Октябрьский кенті – Алтай қаласы" тас жолының 97-166 шақырымы, "Омбы – Майқапшағай" тас жолының 1289-1321 шақырымындағы "Қаратал ауылы – ҚХР шекарасы" учаскесі.

Облыстық маңызы бар тас жолдардың екі учаскесі жабылды: "Өскемен – Новотроицкое", "Жоғарғы Тайынты – Самар ауылы".

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив