Өскемен
-13°
туман Штиль
455.65 489.96 6.36

ШҚО-да көліктің екі түрінің қозғалысына тыйым салынды

27.11.2022, 18:03 343 0 Мадина Амангелдіқызы

Бүгін кешке ШҚО аумағында көліктің екі түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілуде.

Атап айтқанда, рейстік автобустар мен дизельді автомобильдердің қозғалысына тыйым салынады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, сағат 17.00-ден бастап ауа температурасының -30 градусқа дейін төмендеуіне және өңірдегі жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігіне төнетін қатерлерге байланысты жолаушыларға арналған рейстік автобустар мен дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автомобильдер үшін қозғалысты уақытша шектейді.

Кешеден бері ШҚО аумағында аяз түсіп, қатты боран соғуда. Салдарынан бірқатар тас жолдар жабылды. Қазіргі уақытта біраз жолдарда көлік қозғалысы қалпына келтірілсе, кейбір учаскелерде жолдарды қардан тазарту жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив