KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 11 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Өскеменде мерекелік бағдарлама қайда өтеді?

31.12.2022, 12:55 548 Мадина Амангелдіқызы

Өскемендіктерді Жаңа жыл мерекесін орталық алаң мен Коменданткада қарсы алуға шақырады.

Бұл алаңдарда жаңа жылдық концерттер мен халықтық мерекелер өтеді, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Алаңда қаланың белгілі әртістері: Эльдар Уадинов, Темірлан Сейілжанұлы және Аяулым Қуанышева, сондай-ақ "Ладушки" ансамблі және басқа да көптеген шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді.

Қала тұрғындарын Аяз Ата, Ақшақар және басқа да ертегі кейіпкерлері қарсы алады. Іс-шара сағат 22:00-де басталады.

Сондай-ақ, Коменданткадағы мерекелік бағдарламаға қатысуға болады. Мұнда шығармашылық ұжымдардың қойылымдары сағат 21.00-де басталып, сағат 1.00-ге дейін жалғасады.

Сағат 1: 00-де алаңда мерекелік отшашу өтеді.

Концерттік бағдарлама сағат 2:00-де аяқталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив