KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 2 м/с, В
448.81 476.82 4.77

Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек - Берік Уәли

15.01.2022, 19:52 167

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек екенін айтты.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Facebook-парақшасында жариялады

"Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға "Қасіретті қаңтар" оқиғасына қатысып, әртүрлі құқық бұзу дерегі бойынша ұсталған азаматтардың кінәсінің деңгейін анықтауды тапсырды. Президент олардың ауыр қылмысы болмаса, жазаны жеңілдету шараларын қабылдауға болады деп санайды. Бейбіт демонстрацияға қатысушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек", - деп жазды Берік Уәли.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив