KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Риддерде тұрғындар үшін жылу тарифі төмендейді

24.03.2023, 15:55 250 Мадина Амангелдіқызы

Риддердегі жылу электр орталығына 11 миллион теңге айыппұл салынып, қала тұрғындары үшін жылу тарифі төмендейді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы мәлімдеді.

2022 жылдың қараша айында Риддер қаласында апат орын алды, бұл қала тұтынушыларына жылу берудің төмендеуіне алып келді. Аталған жағдайдың себептерін анықтау үшін ШҚО прокуратурасы уәкілетті органдардың мамандарымен бірлесіп, кәсіпорын қызметінде тексеру жүргізген болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 Тексерудің нәтижелері «Риддер ЖЭО» АҚ - ның қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйін көрсетті. Мұнда 240-тан астам заңнамаларды бұзу фактілері анықталыпты.

 - Прокуратураның қадағалау актілері бойынша уәкілетті органдар ЖЭО қатысты бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығара отырып, 11 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жаза қолданды, - делінген ШҚО прокуратурасының ресми хабарында.

Прокуратураның ұсынысы бойынша «Риддер ЖЭО» АҚ жылу энергиясын тиісті деңгейде жеткізбегені және сапасының нашарлағаны үшін төлемді қайта есептеп, 63,3 млн теңге сомасына 21,7 мың тұтынушыға залал өтеп берген.

Бұдан басқа, тексеру барысында 548 млн теңге сомасына тарифтік смета мен инвестициялық бағдарламаның қаражатын мақсатсыз жұмсау туралы табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу фактісі анықталып отыр.

 «Риддер ЖЭО» АҚ 2023 жылғы 1 сәуірден бастап 2024 жылғы 31 наурызға дейін тұрғындар үшін тарифті 18% - ға төмендете отырып, уақытша өтемдік тарифті бекітті.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив