Президент өлім жазасын жою туралы Заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасының күшін жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы " Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
- Заңға сәйкес, қылмыстық кодекстің жалпы бөліміндегі 11 баптың ішінен өлім жазасы жазаның түрі ретінде, оның ішінде жазалау, тағайындау және жазаны ауыстыру жүйесі туралы баптардан алып тасталады. Бұдан басқа, өлім жазасы ұғымы, мораторий кезіндегі талаптар мен оларды қолдану туралы арнайы бап жойылады, деп хабарлайды Ақорда.
Өлім жазасы Қылмыстық кодекстің 17 бабының санкциясынан алынып тасталады-өмір бойы бас бостандығынан айыру ең қатаң жаза болып қала береді. Қылмыстық кодексті толықтыру арқылы өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамдарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынады.