KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 4 м/с, З
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да 900 мыңнан аса адам вакцинаны толық алған

11.01.2022, 10:41 127

2022 жылғы 4 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 909 344 адам, ал екінші компонентін 901 976 адам алды.

Қарашаның үшінші онкүндігінен бастап аймақтағы жалпы егу науқанына 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер, жүкті әйелдер (жүктіліктің 16-дан 37-ші аптасына дейін) және бала емізетін әйелдерді (босанғаннан кейін 42 күн) Pfizer/BioNTech шығарған «Комирнати» вакцинасымен егу қосылды.

- 2022 жылғы 9 қаңтардағы жағдай бойынша  вакцинациялауға жататын  84 248 адам Комирнати вакцинасының 1-компонентін алды, оның ішінде 2260 жүкті әйел, 6071 бала емізетін әйел, 75 917 жасөспірім бар. 2-компонентпен 38 623 адам егілген, оның ішінде 766 жүкті әйел, 2 525 бала емізетін әйел, 35 332 жасөспірім, - деп хабарлайды ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Вакцина салдырған адамдарда вакцинаға қолайсыз реакциялар тіркелмеген.

Елімізде «Омикрон» штаммы Sars-Cov-2 вирусының таралуына байланысты қазір кейбір өңірлерде эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлаған.

- 2022 жылғы 9 қаңтардағы соңғы мәліметтерге сәйкес облыста 73 877 коронавирусқа қарсы ревакцинациядан (үшінші бустерлік доза) өтті. Иммундық жүйені нығайтуға ревакцинация QazVac, VeroCell вакциналарымен жүргізілуде, - дейді департамент. 

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс тұрғындарын COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырады, солай ғана тұрғындар қалыпты бұрынғы өмірге орала алады. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив