KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Жолнұсқау ауылында жаңа мектеп салынады – Күршім

29.12.2021, 00:15 273

2022   жылы Күршім ауданының Ұрынхай ауылында 80 орындық мектеп қолданысқа беріледі. Жобақұны–608,5млн.теңгені құрайды. Бұл туралы аудан әкімі Дулат Қажанов мәлімдеді.

Сонымен қатар Жолнұсқау ауылында 50 орындық жаңа мектеп салынады. Жобақұны– 362 млн. Теңге.

Алдағы жылдары ауданның білім беру мекемелерін күрделі жөндеуден өткізуге 339,3 млн. теңге қаржы қарастырылған.

-      2022 жылы Алғабас (37,6 млн. теңге), Барақ батыр (26,6 млн. теңге) орта мектептеріне және Күршім ауылындағы балалар шығармашылық үйіне(43,8млн.теңге), 2023 жылы Шанағаты (25 млн. теңге), Бірлік (25 млн. теңге) орта мектептеріне, 2024 жылы Маралды (25 млн. теңге), Төсқайың (25 млн. теңге) орта мектептеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі

2020-2024 жылдары аралығынды тағы 24 мектепке жалпы құны 475 116 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив