KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 7 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Биыл жазда ауа райы қандай болады?

25.05.2023, 19:40 591 Мадина Амангелдіқызы

Синоптиктер жаз мезгіліндегі ауа райына болжам жасады.

Алдын ала жүргізілген зерттеу жұмыстарына сәйкес, синоптиктер Қазақстан аумағында жаз көлемінде күн ыстық болады деген болжам жасап отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тек солтүстік өңірлердегі ауа райы климаттық норма шамасында сақталады.

 

"Республиканың солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс бөлігінде солтүстік теңіз аудандарынан келген суықтың ықпалымен ауа температурасы +30−38 градустан +15-20 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Ал оңтүстік-батыс бөлігінде кейбір күндері сынап бағаны +40-45 градусқа дейін көтерілуі ықтимал. Ыстық күндер жауын-шашынмен және қатты желмен, найзағаймен алмасып отырады", деп мәлімдеді Қазгидрометтің баспасөз қызметі.

Маусым айы

Синоптиктердің айтуынша, жаздың алғашқы айында республиканың басым бөлігінде күн ыстық болмақ. Атап айтқанда, орташа ауа температурасы нормадан 10 градусқа жоғары болады деп болжануда. Яғни, кейбір өңірлерде ауа температурасы +18−23 градусқа жетеді. Оңтүстік-батыста: +24−28 градус. Оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлердің таулы аймақтарында: +7−17 градус.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу және Қостанай облыстарында қатты ыстық болмайды.

Сондай-ақ маусым айында жауын-шашын да аз түседі екен. Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстары мен Ақтөбе, Қостанай, Ақмола облыстарының солтүстігінде жауын-шашынның мөлшері қалыпты болады. Ал Абай облысының шығысында, Алматы және Жетісу облыстарының оңтүстік-шығысында, Түркістан, Жамбыл областарының таулы өңірлерінде жаңбыр жиі жауады.

Шілде айы

Шілдеде республиканың басым бөлігінде орташа ауа температурасы норма шегінде, ал оңтүстіктегі өңірлерде температура нормадан 10 градусқа жоғары болады. Мысалы, көп өңірлерде орташа температура  +18−24 градус, оңтүстікте +25−30 градус болса, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аймақтарында +9−17 градусты құрайды.

Қатты ыстық Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Қызылорда облысының оңтүстік-шығысы мен Жетісу облысының оңтүстігінде күтіледі.

Ауа райы болжамына сәйкес, шілде айында бірқатар облыстардағы жауын-шашын мөлшері нормадан төмен болады екен. Ал 7 аймақта – қалыпты мөлшерде. Нақтырақ айтсақ, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстары, Ақтөбе облысының солтүстік-батыс бөлігі, Қостанай, Ақмола облыстары және Павлодар облысының солтүстігінде.

Тамыз айы

Жаздың соңғы айында күн райы жылы болады деп күтілуде. Орташа ауа температурасы нормадан 1−2 градусқа жоғары болады. Тек солтүстік-батыстағы өңірлерде қалыпты ауа райы сақталады. Республика аумағында тамыз айындағы орташа ауа температурасы +20-28 градусты, солтүстік-шығыста +16-19 градусты, оңтүстік-шығыс және шығыстың таулы аймақтарында +11-15 градусты құрайды. Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында ауа температурасы норма шегінде болады.

Ал бұл айдағы жауын-шашын мөлшері қалыпты нормадан төмен болады деген болжам айтылып отыр. Ал Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Қостанай, Ақмола облыстарының солтүстігінде Қарағанды облысының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Түркістан облысының тауыл аймақтарындағы жауын-шашын мөлшері қалыпты нормада сақталады.

Аймақтардағы орташа айлық температураның алдағы үш айдағы болжамын инфографикадан көре аласыздар.

  

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив