KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Көлік жүргізу құқығынан айырылған тағы да бір мас жүргізуші ұсталды - ШҚО

28.12.2021, 13:18 148

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының ортасында кешкі уақытта ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының экипажы Шүлбі кентінде Автожанармай құю станциясы ауданын патрульдеу кезінде 41 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен "ВАЗ" маркалы автокөлігін тоқтатты, әңгіме барысында ер адамнан алкогольдің өткір иісі шықты.

Алкогольдік ішімдіктерді пайдалану фактісін тексеру үшін ер адам медициналық куәландырудан өтуге жіберілді, оның нәтижелері "орташа дәрежедегі" алкогольдік масаңдығын көрсетті.

Сонымен қатар, жүргізуші тамыз айында көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылғаны анықталды.

-Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. Құқық бұзушының өзі уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив