KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Жағалау жыл сайын алыстап барады – ШҚО Бұқтырма су қоймасы

m.yk-news.kz

3.06.2023, 13:43 344 Дәурен Аллабергенұлы

Өңірдегі кәсіпкерлер туристердің су деңгейі түсіп кеткенін көріп, демалыс базаларын тастап кетіп жатқандарына алаңдаулы.

Ол тұрмақ тынығушылар серуендейтін кемелердің де тоқтайтын жері жоқ, жағалау тағы ондаған метрге тартылып кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұрынғы мол судың неліктен тартылып бара жатқанын талқылау үшін бірнеше сала өкілдері өңірдегі Кәсіпкерлер палатасына жиналды. Палата директоры Қайрат Мамырбаевтың мәлімдеуінше, бұл жағдай тек кәсіпкерлерді ғана емес, аймақ жұртын да қатты толғандырып отыр.

– Бұқтырма – облыста тынығушылар көптеп келетін өңірдегі әсем жерлердің бірі. Десе де, биыл су қоймасы ондаған метрге алыстаған. Келушілер мұнда мамыр мен қазан айы аралығында шомылып, демалады. Жағалауына келіп жайғасқан жұрт өңірден бөлек, көршілес елдерден де келеді. Алайда, қазір су тартылғалы жағалаудың сұрқы қашып тұр, – деді ол.

Демалыс үйлерін жалға беретін кәсіпкер Александр Чиликин жағдай күн өткен сайын күрделеніп бара жатқанын жеткізді.

– Кемелер қайда тоқтайды деп бас қатырып жүрміз. Келушілерді бір жағадан екіншісіне қалай жеткіземіз? Азық-түлік апару да қиын. Мұның бәрін айтпағанда, біздің кәсіпкерлікті былай қойғанда, су тартыла берсе, ертең экологиялық апат болмай ма?  – дейді кәсіпкер.   


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив