Өскемен
-8°
переменная облачность ветер 5 м/с, З
460.79 490.51 6.02

Үйінде есірткі сақтаған көкпектілік тұрғын ұсталды

24.12.2021, 16:46 33 0 Ләззат Қанатқызы

Көкпекті ауданының полиция қызметкерлері желтоқсан айының басында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде 46 жастағы ауыл тұрғыны өз үйінде заңсыз есірткі заттарын сақтайтынын анықтады.

Тінті барысында аталмыш тұрғынның үйінен ерекше иісі бар өсімдік тектес 6 зат салынған қағаз түйіншек табылды. Сондай-ақ гараждан дәл осындай заты бар шыны банка мен полиэтилен пакет шықты.

-        Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 195,46 грамм, марихуана, 4,44 грамм өсімдік тектес «кептірілген марихуана» екені анықталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 296-бабының 2-бөлігі- «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы 40 тәулікке дейін қамауға алуды көздейді.

 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив