KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО әкімі Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды ең қастерлі мерекемен құттықтады

16.12.2021, 12:22 153

Бүгін еліміз ең басты мереке-Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Осыған орай ШҚО әкімі Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды құттықтады.

- Бұл жай ғана мереке емес, бұл әлемдік стандарттар бойынша шағын болса да, біз үшін өте маңызды кезеңнің белгісі. 30 жылда жаңа егемен мемлекет тарихын құра білдік. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың дана және сауатты басшылығымен біз барлық қиын кезеңдерді еңсеріп қана қоймай, Орталық Азия елдерінің көшбасшыларына шығып, әлемдік аренада лайықты орын алдық. Елбасы таңдаған бірлік пен келісім бағыты өзінің тиімділігін дәлелдеді. Біз бірлесе отырып күйреу мен әлемдік дағдарыстарды еңсеріп, экономикалық тұрғыдан дамыған әрі әлеуметтік жағынан қуатты мемлекет құра алдық, - деп жазды ШҚО әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Даниал Ахметовтің айтуынша, бүгінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен экономиканы табысты дамытып, әлеуметтік саланы нығайтып, демократиялық қайта құрулар жүргізуде.. 

- Құрметті жерлестер! Сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен бейбітшілік пен келісім, зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін! Біздің ортақ үйіміз-Қазақстан Республикасына табыс пен гүлдену тілейміз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив