Өскемен
-9°
пасмурно ветер 2,6 м/с, ЮВ
461.33 501.65 5.1

Велосаяхатшы Дамир Кушеев Риддер қаласы әкімінің орынбасарына айып тақты

20.09.2023, 17:23 621 1 Мадина Амангелдіқызы

Облысты аралап жүріп, Риддер қаласына келген блогер Дамир Кушеев дүйім жұрттың алдында қала әкімінің орынбасарына жаға ұстатарлық айып тақты. Айтуынша, Әсем Ағажаева жемқорлық жасаған және балаларды ұрлап, шетелге сатқан екен.

Әлеуметтік желіде өзіндік үлкен аудиториясы бар велосаяхатшының бұл әрекеті көпшіліктің наразылығын тудырды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Риддерліктер де блогердің әрекетін сынға алып отыр. Ал Әсем Ағажаеваны жақсы танитын адамдар Кушеевтің сөзін жоққа шығарып, видеоүндеу жасап, таратуда. Олардың пікірінше, адамға ондай үлкен айып тағу үшін нақты дәлел болу керек.

Қала әкімінің орынбасары мұны естіп, тіпті, есеңгіреп қалғанын айтады. Себебі ол велосаяхатшыны қалаға келген бетте өзі күтіп алып, жағдайын жасаған екен. Енді Әсем Ағажаева дәлелсіз айыптан өзін қорғау үшін полицияға арыз жазуға мәжбүр болған.

Полиция департаментінде бұл оқиғаны растап отыр. 19 қыркүйекте осы жағдай бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің  274 - бабы 3-тармағының 2-бөлігі - бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Қазір оқиға жан-жақты тексеріліп жатыр.

Ал Дамир Кушеев өзінің үстінен жазылған арыз бойынша полицияға шақырту алғанымен саяхатын ары қарай жалғастыратынын айтып, Өскеменге жол тартқан көрінеді. Әлеуметтік желідегі парақшаларындағы соңғы жаңалығы осындай.

Оқиғаның ары қарай қалай өрбігені жайлы оқырмандарымызды хабардар етіп отырамыз.

621
1
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (1)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Арай Бакытханова 20 сентября 2023 23:50
1

Бұл не сұмдық? Мен Бақытханова Арайлым өз үндеуімді жасаймын! Риддер қаласында 2002 жылдан бері тұрамын! Біздің қаламызға келген блогер сымақтар көзбен көріп, құлақпен естімеген ақпаратты таратып жала жауып далелсіз мазақ етіп келіп кетіп жүреме сонда ? Ешбір дәлелсіз факт жоқ . Не сұмдық? Халық кімнің ақ екенін біледі. Өзіміздің қаламызда халыққа адал қызмет жасап, көмек көрсетіп жүрген адал адам бұл кісі. Мейрам сайын үй үйді аралап көмек көрсетіп, халықпен жүрген адам. Сондықтан сырттан келген айыпқа қақшиып тұрып күресеміз!!!!