KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, С
444.32 473.33 4.76

Револьверді көлігіне жасырған – ШҚО

13.12.2021, 10:15 209

6 желтоқсан күні жедел уәкілдерге Глубокое ауданы тұрғындарының бірі тіркелмеген қаруды заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті.

Келіп түскен сигналды тексеру барысында облыс орталығының 59 жастағы тұрғыны анықталды.

Оқиға орнын тексергенде "Газ-66" автокөлігінің кабинасынан тапаншаға ұқсас зат табылып, тәркіленді.

Сараптама нәтижелеріне сәйкес, тәркіленген зат - ойық атыс қаруы, яғни өздігінен жасалған, калибрі 5,6 мм ойық ұңғылы, зарядты атуға жарамды револьвер болып табылды.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды. Тәртіп сақшыларымен азаматта қарудың болу мән-жайлары анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады", - деп хабарлайды ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. 

Аталған баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сонымен қатар, Полиция департаменті полицияға тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын айтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив