KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскемен тұрғынынан 2 кг жуық гашиш табылды

9.12.2021, 13:43 185

Ағымдағы жылдың қараша айының соңында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел қызметкерлеріне облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны есірткі құралдарын заңсыз өткізумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті.

Тексеріс кезінде ақпарат расталып, 22 қараша күні аталған ер адам ұсталды. Кідіріссіз жеке тінту барысында өсімдік тектес ұнтақ тәрізді заты бар 25 полимерлік түйіншек салынған қорап табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 1695,003 грамм "гашиш" есірткі құралы болып табылады.

"Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ҚР ҚК-нің 297 - бабы 3-бөлігіне сәйкес аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде ", - дейді ШҚО ПД бастығы полиция полковнигі Сағат Мадиев.

Осы баптың санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив