Риддерде балалар мен жасөспірімдер спорты қарқынды дамып келеді

Риддер қалалық әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, қала тұрғындарының спортпен шұғылдануы үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Риддерде жалпы алғанда, спорттық ғимараттар желісі 67 нысаннан тұрады. Олардың арасында "Сокол" стадионы, спорт модулі, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, екі жүзу бассейні, 17 спорт залы, ашық спорт алаңдары желісі бар.
Сондай-ақ, қалада балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, қысқы спорт түрлері бойынша олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің филиалы, республикалық спорт мектеп-интернаты және олимпиада резервінің колледжі жұмыс істейді.
- Риддерде жастарға арналған 14 street-workout спорт алаңы орнатылды. 2020 жылы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында үшінші және төртінші шағын аудандарда футбол-хоккей алаңдары орнатылды. Биыл "Ботаника" жаңа тұрғын ауданында шағын футбол алаңы жабдықталды. Жетінші аудандағы скверде және мәдениет сарайының артындағы скверде скейт-алаңдар орнатылды. Қыс мезгілінде қаланың барлық 15 мектебінде хоккей қораптары жұмыс істейді, - деп толықтырды Риддер әкімдігі.
Сонымен қатар, 2016 жылдан бастап онда волейбол, баскетбол, мини-футбол, гандболға арналған спорт алаңдары, сондай-ақ тренажер залы бар спорт модулі жұмыс істейді. 2019 жылы олар кәсіби төрт жолақты жүгіру жолын жасаған болатын. Бір қызығы, модульдегі барлық сабақтар тегін өтеді. Ол жерге күн сайын 200-ге жуық адам келеді.