KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Шығыстағы полицейлер мерекеге орай "караокелетіп" жүр

1.12.2021, 02:11 185

ШҚО Полиция департаментінің акт залында Кадр саясаты басқармасы Тұңғыш Президент күніне орай ҚР Тұңғыш Президентінің сүйікті әндерінің караоке-баттлын өткізді.

Шығармашылық баттлға «Нұрсұлтан» және «Жұлдызым» атты екі команда қатысты. Құрама команда мүшелері түрлі бөлімшелерден тұрды.

Сайыс үш турда өтті. Бірінші турда команданың бір қатысушысы жеребе бойынша ән орындады. Екінші турда командалар жеребе бойынша таңдалған әндерді орындады. Ал үшінші тур команда капитандары үшін арнайы болды. Біреуі әнді бастайды, екіншісі жалғастырады. Байқау қорытындысы бойынша «Нұрсұлтан» командасы бұл баттлда жеңіске жетті.

Шара соңында қазылар алқасы ұйымдастырушыларға тамаша батл үшін алғыстарын білдіріп , қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар табыстап, алдағы уақытта жұмыстарыңа сәттілік тіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив