KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да жезөкшелікпен айналысқан 3 притон әшкере болды

29.11.2021, 13:18 392

Облыс аумағында ағымдағы жылдың 22 қарашасынан бастап «жеңгетайлық» пен притон ұйымдастыру фактілерінің жолын кесуге, жезөкшелікпен айналысатын адамдарды анықтауға және оларды орталықтандырылған есепке қоюға бағытталған «Stop-трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.

Тәртіп сақшылары пәтерлерді жалға беретін ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, сауналарды, қонақ үйлерді тексеруде. Жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері Өскемен және Семей қалаларындағы монша кешендері әкімшілерінің жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұстаудың 3 фактісі анықталды, олар бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, кінәлі тұлғалар өз кінәларын мойындады, олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

- Рейдтік іс-шаралар барысында ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 1-бөлігі (қоғамдық орындарда тиісу) 26 фактісі және ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы (жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру) бойынша 2 фактісі анықталды, олардың барлығы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Профилактикалық есепке 7 адам қойылды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив