KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Қызметтік ит Зайсан тұрғынының қалтасынан есірткі тапты

25.11.2021, 16:36 156

Зайсан АПБ қызметкерлері қараша айының басында «Астра» атты қызметтік-іздестіру итін пайдалану арқылы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Қарабұлақ ауылының 48 жастағы тұрғынын тексерді. 
Тексеру барысында қызметтік-іздестіру иті ер адам киіп тұрған күртешенің оң қалтасына белсенді белгі берген. Куәгерлердің қатысуымен тексеру кезінде күдік расталды. Ауыл тұрғынының қалтасынан ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат салмағы 1,093 грамм «кептірілген марихуана» есірткі құралы болып табылады..
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 296-бабының 2-бөлігі – «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 40 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив