KZ
Өскемен
+7°
небольшая облачность жел 5 м/с, С
444.32 473.33 4.76

Өскемен тұрғыны өз үйінде есірткі сақтаған

24.11.2021, 19:53 194

Ағымдағы жылдың қараша айының басында жедел - профилактикалық іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлеріне Өскемен қаласының тұрғыны өзінде есірткі заттарын сақтайтыны туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Осы сигналды тексеру барысында тәртіп сақшылары облыс орталығының 45 жастағы тұрғынын ұстады, оның тұрғылықты тұратын жеріндегі сарайды кідіріссіз тінту барысында мөлдір целлофан пакетіне салынған ерекше иісі бар қара- қоңыр түсті зат табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 211,95 грамм "кептірілген марихуана" есірткі заты болып табылды.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296 - бабы 3-бөлігіне сәйкесірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз сақтау, тасымалдау  бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды", - деп хабарлайды ШҚО ПД бастығы полиция полковнигі Сағат Мадиев.

Осы баптың санкциясы елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив