KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да есірткі шегіп алып, көлік басқарған жүргізуші ұсталды

19.11.2021, 16:39 206

12 қазанда «Рубеж»стационарлық-бақылау бекетінде «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында ЖПҚБ патрульдік полиция батальоны қызметінің аға инспекторы Төлеген Арнұр «MITSUBISHI» маркалы автокөлігін тоқтатты.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде полиция қызметкерінде 26 жастағы жүргізушінің психотроптық заттардың әсерінде болуы мүмкін деген күдігі туындады.

Тағайындалған наркологиялық сараптама нәтижесі Шемонаиха ауданының тұрғыны есірткіге масаң күйде болғанын көрсетті.

- Аталған факті бойынша ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру»бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, баптың санкциясы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуды және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейді, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив