KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

Шығыс Қазақстанда археологтар үйі салынып жатыр

16.11.2021, 14:59 329

Қазіргі таңда облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының тапсырмасымен Ұлан ауданындағы Бестерек ауылында Археологтар үйінің құрылысы жүріп жатыр. 
Ұлан ауданы Бестерек ауылы жанындағы кең алқапты жазықта бірегей музей салынатындығын осыған дейін айтқан едік. Ауданда бой көтеретін нысанды тұрғындар Бестерек ауылының тумасы, өлкенің зерттелуіне үлкен үлес қосқан атақты археолог ғалым Зейнолла Самашев пен белгілі түркітанушы Сәрсен Аманжоловтың есімімен байланыстырады. Жергілікті ғалымдар есімін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттап, еңбектерімен таныстыру болашақта ашылатын музей қызметкерлерінің басты мақсаты болмақ. 

- Қазіргі таңда музейдің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Аталмыш нысан жоспар бойынша алдағы қараша айында аяқталуы тиіс. Оған облыс қазынасынан 93 миллион теңге бөлінген. Үлкен кешен ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ететін болады, - деп атап өтті Ұлан аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Мейіржан Әлібеков.

Зейнолла Самашұлының айтуынша, археологтар үйі деп аталатын ғимарат облыстық өлкетану мұражайының аудандық филиалы болмақ. Өйткені осы уақытқа дейін Ұлан ауданында мұражай деген болмаған екен.

- Бестерек ауылы Ақбауыр кешенінен небары үш шақырым жерде орналасқандықтан, әрине, қазба жұмыстарының нәтижелері де мұражайға қойылатын болады. Сондай-ақ, аудан тарихынан сыр шертетін барлық жәдігерлер мен тұлғалар туралы ақпарат та келушілерге ұсынылатын болады, - дейді Зейнолла Самашев.

Таяуда "Атамекен" экспедициясының қатысушылары шығыс өңіріне келіп, қола дәуірі ескерткіштері сақталған Ақбауыр тарихи-археологиялық кешенін тамашалаған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив