Өскемен
+10°
переменная облачность ветер 4 м/с, С
458.87 493.84 6

Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақсы өседі

16.11.2021, 10:49 34 0 Ләззат Қанатқызы

Үкіметте мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын арттыру жоспарлары туралы айтылдр.
Министрлер кабинетінің мәліметінше, Қазақстанда барлығы 1,2 млн азаматтық қызметші бар. 2023 жылға дейін олардың еңбекақысын жыл сайын арттыру жоспарлануда. Яғни, 651 мың адамды қамтитын болады. Оның ішіне, мұғалімдер, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлердің жекелеген санаттары кіреді. 
Мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25%-ға өседі. Ал 2023 жылға қарай екі есе өседі, яғни 375 мың теңгеге дейін.
Сондай-ақ, дәрігерлердің еңбекақысы жыл сайын 30%-ға дейін өседі. 2023 жылға қарай төлем үш есе ұлғаяды. Яғни, 561 мың теңгеге дейін өседі.
Сондай-ақ, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20%-ға дейін көтерілетін болады. Ал 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш екі есе – 229 мың теңгеге дейін өседі. 

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив