KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Семей тұрғыны 70 келі заңсыз ауланған балықты сатпақ болған

30.10.2021, 18:50 111

Ағымдағы жылдың 25 қазанында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Жарма ауданы Қалбатау ауылында жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында ШҚО ПД ЖПҚБ патрульдік полиция инспекторлары Берік Аққулов пен Мейіржан Жақсыбеков Омбы-Майқапшағай трассасының 913 шақырымында «Lada» маркілі автокөлікті тоқтатқан.

Көлік құралының құжаттарын тексеру барысында автомобиль салонында шортан, мөңке, көксерке балықтарын тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны белгілі болды.

Жүргізуші балықты Көкпекті ауданының Тассай ауылынан Семей қаласына сату үшін тасымалдағанын айтты. Балықтың жалпы салмағы 70 келіден асты, мемлекетке келтірілген залал көлімі 78 000 теңгеден асты.

- Семей қаласының 26 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК - нің 389-бабының 1-бөлігі «жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив