KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1,9 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Бүгін ШҚО-да емханаға еркін тілкелу науқаны басталды

16.09.2021, 11:42 378

Қазақстанда жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталады.
Шығысқазақстандықтар үшін Медициналық сақтандыру қорының медициналық қызмет жеткізушілерінің арасында 63 ұйым алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетеді. Олардың 40-і – мемлекеттік, қалғаны – жекеменшік емханалар.

«Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы тіркелуге болады. Денсаулық сақтау бөлімінде тіркеу қызметін таңдайсыз. Өтініш берген соң, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы хабарлама келеді. Екінші әдіс-емханаға тікелей жүгіну. Бұған тек зейнеткерлер, мүгедектер, бала кезінен мүгедектердің қамқоршылары, сондай-ақ колонияларда жазасын өтеушілер, патронат тәрбиешілер, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер ғана құқылы. Науқан кезінде медициналық ұйымға тіркелген азаматтар медициналық көмекті тек 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды. Яғни, осы жылдың 31 желтоқсанына дейін азаматтарға бұрын тіркелген емханада қызмет көрсетіледі», - деді брифинг барысында ШҚО ӘМСҚ филиалы директоры Ғалымжан Әбілов.

Биылғы жылы тіркеу ережелері шетелдіктер мен еңбек мигранттары үшін өзгерді. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден келген еңбек мигранттарының міндетті түрде МСАК қызметтеріне ерікті медициналық сақтандыруы болуы қажет.
ҚР азаматтары, қандастар және ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін тіркелу тәртібі өзгеріссіз қалады.
Айта кету керек, медициналық көмекке қол жеткізбей қалмау үшін тіркелудің мәртебесін тікелей тұрғылықты жері бойынша емханада немесе электрондық үкімет веб-порталында ЭЦҚ арқылы тексеру ұсынылады. Тіркеу немесе қайта бекіту кезінде емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерден таңдау ұсынылады, қажет болған жағдайда учаскелік дәрігер науқасқа үйге бара алады. Бұл әсіресе пандемия кезінде өте маңызды.
Тіркеу науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі. Тіркелуге қолжетімді емханалардың тізімімен Қордың www.fms.kz сайтында «Емхананы таңдау» бөлімінде танысуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив