Өскемен
-2°
сильный снегопад ветер 9 м/с, ЮВ
461.33 501.65 5.1

“Подучетник” жедел алдын алу шарасының қортындысы жарияланды - Өскемен

22.08.2021, 11:48 111 0 Ләззат Қанатқызы

Өскеменде 10-20 тамыз аралығында қала аумағында өткізілген "Подучетник" жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі
Қалалық ПБ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмаш шара рецидивті, алкоголь қылмысының, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың алдын алу, жолын кесу үшін өткізілген.
- Ертіс полиция бөлімі отбасылық-тұрмыстық қарым - қатынастар саласында, сондай-ақ көшелер мен қоғамдық орындарда мас күйінде жүрген адамдарды анықтады,-дейді Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі.
Шара нәтижесінде, 10 күнде 317 құқық бұзушылық анықталды. Белгілі болғандай, барлық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440 – бабына, яғни алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу фактісінде болған.
Сондай - ақ, құқық бұзушылықтардың арасында - жалпы пайдалану орындарының ластануы (59 факт), тыныштықты бұзу (51), Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру (38) және отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер (24) бар.

111
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив