KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

200-ге жуық шығысқазақстандыққа МӘМС аясында ота жасалды

20.08.2021, 13:20 176

Жылдың басынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры амбулаториялық-емханалық деңгейде медициналық қызметтердің қолжетімділігін кеңейтті. Сонымен қатар, күндізгі стационарларды, ауылдық медицина мен балалар денсаулығын қорғауды, мектеп медицинасын, онкогематологияны дамытуды қаржыландыруды ұлғайтты.
Бұдан басқа, қор тарапынан ерекше қажеттіліктері бар балаларды медициналық оңалту бойынша "Аңсаған сәби" және ЭКҰ квоталарын ұлғайту бойынша "Қамқорлық" бағдарламалары толық қаржылық қолдауға ие болды. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шығыс Қазақстан филиалының директоры Ғалымжан Әбілов баспасөз конференциясы барысында хабарлады.
Ол 2021 жылға арналған халыққа медициналық көмек көрсету бойынша бюджет шамамен 120 млрд теңге, оның ішінде мемлекет кепілдік берген медициналық көмек көлемі – 72,6 млрд теңге және МӘМС пакетіндегі медициналық қызметтер-47,2 млрд теңге көлемінде қарастырылғанын еске салды. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бюджет 52 пайызға орындалды.

– Бізде халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің саны артты. Емхана деңгейінде консультациялық-диагностикалық көмек көлемі 63 %ға ұлғайды. Бұл сақтандырылған халық үшін кезекті сәл қысқартуға және тегін тексерулерге жылдам жолдама беруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңа медициналық технологияларды қолданумен хирургиялық араласулар санының өсуі байқалады, - дейді Ғалымжан Әбілов. 

Жалпы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 6,4 млрд теңгеге 3,7 млн қызмет көрсетілді. Бұл 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына қарағанда 1 млн-ға артық. Ағымдағы жылдың алғашқы 6 айында қордан 33 мыңнан астам КТ, МРТ, 162 мың скринингтік зерттеу қызметі қаржыландырылды. Сонымен қатар, жыл басынан бері облыстың медициналық ұйымдарында қор қаражаты есебінен 197 операция жасалды.
Ведомство медициналық оңалтуды дамытуды, оның ішінде амбулаториялық деңгейде ынталандыруды жалғастыруда. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша амбулаториялық-емханалық деңгейде 644 млн теңге сомаға 527 мыңға жуық оңалту қызметі көрсетілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив