KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 4 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Берел ауылының тұрғындары ауыл туризмін дамыту арқылы табыс таба алады

28.06.2021, 17:53 440

Катонқарағай ауданының Берел ауылында ауыл туризмін дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, оның ішінде Орталық Азия, ауылдық туризм негізінен Британдық үлгі бойынша дамуда. Онда туристтер қонақ үйлерде тұрып, жергілікті халықтың өмірі және салт-дәстүрлерімен танысады. Осылайша келушілерге ыңғайлы жағдай жасалып, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайы арта түспек. Яғни, туристер тұмса табиғатты атпен немесе жаяу аралай алады.
Қазір ауданда 23 демалыс орны бар. Оның ішінде 12 ерекше пантамен емдеу орны, бес қонақ үй, алты демалыс үйі бар.
Қазіргі уақытта Берел ауылында 141 отбасы тұрады. Яғни, 533 адам. Оның ішінде 336 адамы экономикалық белсенді. Мамандардың пайымдауынша, мұнда ауылдық туризмді дамыту жөніндегі жобаны іске асыру кезінде негізгі назар өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және туристермен жұмыс істеу тәжірибесі бар ұлттық парктің қызметкерлеріне аударылатын болады.
ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ақпараты бойынша, Берел ауылының 27 отбасы туристерді қабылдауды ұйымдастыруға дайын. Олар "Бизнес Бастау" жобасына қатысып, кәсіпкерлік негіздерін үйренді. Қазір олар "Бизнестің жол картасы – 2025" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде гранттар беру бойынша конкурсқа қатысуда. Сонымен қатар, 20 жеке кәсіпкер тіркеліп, 20 бизнес-жоспар жасалды. "Катонқарағай ауданын дамыту" қоры кәсіпкерлерге қолдау көрсету үшін 450-500 мың теңгеден грант бөлді.
"БЖК – 2025" гранттарын беру бойынша конкурста жеңіске жеткен жағдайда кәсіпкерлер демалушыларды қабылдау үшін туристік операторлардың талаптарын қамтамасыз ету үшін үйлерді қайта жаңартуға мемлекеттік қаражатты жұмсай алады. Осылайша, жаңа нысандар салып қана қоймай, ауыл тұрғындарының үйлерін де пайдалану ұсынылады. Қызмет көрсету секторын кеңейту үшін гид, трансфер, атпен серуендеу, кәдесый өнімдерін сату қызметтерін ұйымдастыру үшін бес грант бөлу көзделіп отыр.
Осы бағытты сәтті іске асырған жағдайда, ірі туроператорлар келесі жылы Берел ауылына туристердің алғашқы легін жіберуге дайын болады.
15 қонақ үй төрт айда 700-ге жуық адамды қабылдай алады. Жатын орын мен тамақтану қағидаты бойынша тек қонақ үйлердің көрсеткен қызметтерінің көлемі 39 млн теңгені, ал мультипликативтік әсерді ескере отырып, 79 млн теңгені құрайды. Осылайша, әрбір қонақ үй айына орташа есеппен 540 мың теңге табыс таба алады. Бұл ретте қазір ауылдағы орташа жалақы 98 мың теңгені құрайды.
Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақовтың айтуынша, қонақ үйлер ауылда орналасатынын ескере отырып, ауылды абаттандыру және көше жолдарын жөндеу мәселесін шешу қажет. Алдын ала мәліметтер бойынша, абаттандыру 213 млн теңге, оның ішінде 120 млн теңге – бес көшенің жолдарын жөндеуге, 47 млн теңге – су құбырын жөндеуге, 45 млн теңге – ауылды абаттандыруға жұмсалады.







Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив