KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатпақ болған

25.06.2021, 12:48 333

Маусымның 17-сі мен 20-шы маусым аралығында облыс аумағында республикалық профилактикалық іс-шарасы өтті.

Осы уақыт аралығында 1200 рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылып, оның шеңберінде 4000 аса объектілер зерттелді. Осылайша түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз 468 кәмелетке толмағандар анықталған. 

- Шара өткізу кезеңінде 500 аса тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімін өткізген 10 адам бар. Ата–ананың немесе басқа заңды өкілдерін бала тәрбиелеу міндеттерін атқармағаны үшін 28 адам жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив