KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Қазақстанда жоғалып бара жатқан мамандықтарды атады

27.05.2021, 15:15 143

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, коронавирусты пандемия еңбек нарығындағы өзгерістерге серпін берді.

- Жұмыс ресурсын өмір бойы үйренудің өзектілігі артып келеді. Автоматтандыру және технологиялық инновациялар, демографиялық өзгерістер, жаңа бизнес-идеялар 2035 жылға қарай жұмыстың 1/3 бөлігін автоматтандыруға әкеледі. Бұл факт жұмыс орындарының 3/4 бөлігіне әсер етуі мүмкін. Жұмыспен қамтудың икемді түрлерін қолдану кеңейеді, бұл экономиканың дәстүрлі салаларын да қамтиды. Бұл фактілер біліктілікті арттыруды, жаңа білімді мақсатты түрде алуды, озық тәжірибені зерттеуді қажет етеді, - деді вице-министр Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің дөңгелек үстелі барысында.

Оның айтуынша, көптеген мамандықтар бойынша дағдылардың өзектілігі бес жылға дейін ғана жарамды. Мәселен, 10 жыл бұрын алған білім 15 жылдық жұмыс үшін жеткілікті болса, қазір цифрландыру мен жаңа технологияларды дәуірінде дағдылар мен алған білімің жылдам ескіріп жатыр.

-  Автоматтандырылатын кәсіптерге күнделікті іс-әрекеттерді қамтитын кәсіптер жатады. Мұндай мамандықтар біліктіліктің ескіруі ғана емес, тіпті жоғалу қаупі де бар. Мысалы, бұлар қоғамдық көліктердегі кондукторлар, - деді Біржанов.

Осылайша болашақта «миллениал» және «Z буыны» еңбек нарығында маңызды рөл атқармақ.

-    Олар цифрлық сауаттылықтың жоғары деңгейімен, жұмыспен қамтудың икемді түрлеріне тез ауысумен және білім алуға көп уақытөлуге дайын болуымен ерекшеленеді. Сондықтан біз қажетті дағдылар мен білімнің тез өзгеретін қажеттіліктеріне жүйелі түрде дайын болуымыз керек, - деп түйіндеді сөзін вице-министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив