KZ
Өскемен
+8°
небольшая облачность жел 4 м/с, В
448.15 483.46 4.86

Семейлік ұстаздар орманды қоқыстан тазартты

20.05.2021, 14:36 157

Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары орман алқабын қоқыстан тазарту үшін сенбілік өткізді.   Бір атап өтерлігі – сенбілікке тек ұстаздар ғана емес, олардың отбасылары да атсалысты. Тазалық жұмыстары Зияткерлік мектептер арасындағы желілік «Таза мекен -2021» акциясының аясында ұйымдастырылды.

- «NIS Teachers Volunteers» еріктілер клубының кезекті акциясы мамыр айының 17-23 күндері аралығында өтеді. Сенбілікке қатысуға ниет білдірген ұстаздар, 10-12 сынып оқушыларынан өзге шәкірттеріміз өз қалаларындағы саябақ, сквер, орман алаңдары, далалы жерлер мен өз ауласын тазалау арқылы қатыса алады. Тіптен еңбекке жарамсыз азаматтардың ауласын тазалау арқылы да үлес қоса алады, - дейді желілік еріктілер клубының жетекшісі Жазира Құрманова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив