KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

Аудан әкімі: "Аягөз өзенінің бүгінгі жайы өте нашар"

14.05.2021, 14:38 166

Аягөз қаласының Тоқсанғазин көшесінің тұрғындары әлеуметтік желі арқылы ауыз су құбырын тарту, жол жөндеу, жарықтандыру мәселелерін көтерген болатын. 
Аудан әкімінің айтуынша, алдағы уақытта аталған көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Жол жөндеу, ауыз су құбырын тарту жұмыстары кезең-кезеңмен жоспарға сәйкес жүзеге асырылмақ. 

Сонымен қатар, аудан әкімі кіші Аягөз өзенінің бүгінгі халін де көпшілікке айтты. Сондай-ақ, тұрғындарға тазалық талаптарын барынша сақтауды сұрайды. 

-  2018 жылы кіші Аягөз өзені арнасынан асып, апатты жағдай орын алды. Әкімдік тарапынан арнаны тазарту, кеңейту жұмыстары жүргізілген. Алайда өзеннің бүгінгі жайы өте нашар, тұрғындар күл-қоқыс тастауды доғармаған. Кіші Аягөз өзенінің жағасында тұратын азаматтарға бұл жайға немқұрайлы қарамай, тазалықты сақтауға шақырамын, - дейді Аягөз ауданының әкімі Сеилбек Ысқақов. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив