KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Ақжар ауылына - 100 жыл, Қабанбай батырға - 330 жыл. Тарбағатайда дүбірлі дода дүркіреп өтті

21.08.2022, 11:28 213

Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылының 100 жылдығы, даңқты қолбасшы хан батыр Қаракерей Қабанбайдың 330 жылдық мерейтойына орай дүбірлі дода,  айтулы шара өтті.

 Ақжардағы Қабанбай саябағында  25 ақшаңқай киіз үй тігіліп, жергілікті тұрғындар мен аудан қонақтары қазақтың хас батыры Қабанбайдың даңқты жолынан сыр шертетін театрландырған көріністі тамашалап, рухани ләззат алды. Айтулы шараға ШҚО әкімінің орынбасары Нұржан Сайлаубекұлы арнайы келіп,  жиналған жұртшылыққа ақжарма тілегін жеткізді. 

"Баһадүр бабамыз Қарекерей Қабанбайдың 330 жылдық мерейтойымен Ақжар ауданының құрылуы қатар келіп,  ырысты жер,  берекенің мекеніне айналды. Облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ақжар ауданының кешенді дамыту жоспарына биылғы 1миллиард теңге бөлінсе, алдағы бес жылда аталған қаржы 5 есеге көбеймек.Сондай-ақ 48 жоба іске асырылып, оған 7,8 миллиард теңге қарастырылды" деп атап өтті ШҚО әкімінің орынбасары Нұржан Сайлаубекұлы.

60A6F661-084F-4D22-8E73-5C1600257224 (1).jpeg

Айтулы іс шара аясында республикалық деңгейде қазақ күресі ұйымдастырылып, еліміздің әр түкпірінен келген, сайдың тасындай іріктелген  36 балуан боз кілемде бақтарын сынауда. Жеңіске жеткен өгіз балуан мен түйе балуанға автокөлікті демеушілер сыйға бермек. Мәдени және спортттық іс шараның ұйымдастыру комитетінің төрағсы дүбірлі той жайлы өз пікірін білдірді. 

F581E6A1-A456-49CD-AAF8-9EFC967EF9B0.jpeg

"Ақжар ауылында үлкен той. Дарабоз Қабанбай батыр ұлықталып, спорттық әрі мәдени шаралар өтуде. Республикалық аламан бәйге мен көкпар өтпек. Жеңімпаздарға демеушілер тарапынан автокөлік тарту етіледі. Сонымен қатар батыр баба рухына ас беріліп,Қабанбай Қожағұлұлының 330 жылдық мерейтойына  арналған "Бабалар ерлігі ұлтқа мұра, ұрпаққа үлгі" атты ғалымдар, тарихшылар,  зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен ғылыми-теориялық конференция өтті ", -  деді Талғат Мәзібаев.

Тарбағатай ауданының орталығы Ақжар ауылындағы айтулы қос мерейтой шарасы "арманы болған азаттық"  жазба ақындар мүшәйрасы, гала концерт пен мерекелік от шашу мен қорытындыланбақ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив