KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 2 м/с, З
448.15 483.46 4.86

Катонқарағайда жайылымдық жер жетпей жатыр

30.04.2021, 10:49 159

Катонқарағай ауданының әкімі Ділдар Қалиқан жайылымдық және егіндік жерлерді аралады.

Естеріңізде болса, 2020 жылдың күзінде Көкбастау ауылының тұрғындары мал өрісінің тарылып, ауыл іргесіндегі жайылымдық жерлердің жеке меншікке өтіп кеткенін айтып шағымданған болатын. Аудан басшысы апта басында Үлкен Нарын ауылдық округінің әкімі және жер қатынастары бөлімінің басшын ертіп, Көкбастау ауылына мал жайылымының жетіспеушілігі мәселесі бойынша барып қайтты. Бүгінгі күні елді мекен шегіне 500 гектар жайылымдық жерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Катонқарағай ауданының жер қатынастары бөлімі 26 сәуірден бастап шаруа қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту мақсатында уақытша жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру байқауына құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлайды. Байқауға қатысу өтініштері жазылған хаттар 2021 жылдың 14 мамырында ашылады және сол күні қорытындысы шығарылады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив