KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Пасха мерекесін биыл шығыста қалай атап өтеді?

29.04.2021, 12:00 91

1 мамырдан 2 мамырға қараған түні барлық православ христиандары Пасха діни мерекесін атап өтеді. Иисус Христостың қайта тірілуін қарсы алады. Православие шіркеулерінің барлық ғибадатханаларында түнгі салтанатты шаралар өтеді.

Онлайн баспасөз конференциясы барысында «Өскемен Свято-Покровский приходының» аға діни қызметкері Алексей Анищенко Шығыс Қазақстан тұрғындарына Өскемен және Семей амфилохиясының епископы атынан Пасханы тойлау кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау туралы өтініш білдірді.

Ол Өскемен қаласының Андреев кафедралды соборында, қаланың басқа ғибадатханаларындағыдай, мерекелік Пасха қызметі түн ортасында басталатынын атап өтті. Облыс «сары» аймақта, ал Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта орналасқандықтан, облыс тұрғындарын мүмкіндігінше үйде болуға шақырады. Бірақ храмдарға барғысы келетіндерден эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

– Осы қуанышты түнде ғибадатханаға барғысы келетіндерді коронавирустық инфекцияның пандемиясымен байланысты сақтық шаралары туралы ұмытпауға шақырамыз. Ғибадатханаға кірген кезде медициналық немесе мата маскасын киіп, қолыңызды антисептикпен жуыңыз және әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз, – деді Епископ Амфилохия православ христиандарына. 

Сонымен қатар, егер ғибадатханаға барғысы келген адам әлсіздік пен өзін нашар сезінсе, дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болса мерекелік литургияға бармауға кеңес береді.

- Өткен жылдың оқиғаларын, Пасханың қалай өткені бәріміздің есімізде. Биылғы жылы да эпидемиологиялық жағдай күрделі. Сондықтан жақын адамдарымыздың өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауымыз керек, – деді діни қызметкер Алексей Анищенко. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив