Жаңбыр жауып, күн суытады - ШҚО

«Қазгидромет» РМК 29 сәуір-1 мамыр аралығында ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болады, жел күшейеді. Елдің орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ, Скандинавия аудандарынан антициклонның келуімен Қазақстан аумағында ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Солтүстік жартысында түнде 3 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-15 градусқа дейін, оңтүстік жартысында түнде 7-15 градусқа дейін, күндіз 18-28 градусқа дейін жылы болады", - деді синоптиктер.
Сонымен қатар оқыңыз