KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да өзен жекенің қолына өтіп, балық қырылып қалды

26.04.2021, 18:58 149

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы Шар қаласының тұрғындары дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Жағалаудан 800 метрдей жерде жалпы салмағы 450 келіге тартатын өлі балықтар табылыпты. Жергілікті жұрттың айтуынша, өзендегі су деңгейі айтарлықтай төмендеп, орталық бөліктерінде су тереңдігі 80 сантиметрге әрең жетеді. Болжам бойынша, балықтың қырылуына су қоймасындағы таяз жерлердің қатуы себеп болуы мүмкін.

Былтыр аталған су қоймасы жекенің қолына өтті. Бұған дейін өз қолымызбен өзен суын қалыпты ұстауға тырысып едік, бірақ енді тіпті ешкім қарамай кетті. Жылда осы шар өзеніне келіп, балық аулайтынбыз. Ал мынаны көріп, жүрегім ауырып жатыр. Неге жауаптылар дер кезінде шара қабылдамаған? - дейді Шар қаласының тұрғыны. 

Осы ретте, балық шаруашылығы бөлімінің басшылығы су қоймасына иелік еткен кәсіпкердің кінәсі дәлелденсе, оның әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтады. Ал әзірге судан сынама алынып, тексеріс жүргізіліп жатыр екен.

Енді толық білу үшін балықтың неден қырылғанын ғылыми институттан барып, судың сынамысын алды, енді тек сол сынамадан кейін, белгілі болады балықтың неден қырылғаны, - дейді балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Фархат Байбазаров. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив