Өскемен
-18°
туман ветер 2 м/с, СЗ
468.98 493.74 7.59

ШҚО ТЖД мамандары 420 білім беру нысанын тексерді

19.08.2022, 10:47 0 0

Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру объектілері басшыларының назарын өрт қауіпсіздігі талаптарына аударуды ұсынады. Балалар оқитын мекемелерді тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар мұқият зерттеліп, түзетілді. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұржан Өміржанов айтты.

Спикердің айтуынша, облыс аумағында 653 білім беру нысаны жұмыс істейді. 

"ШҚО ТЖД аумақтық бөлімшелері тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес ақпан-мамыр аралығында өрт қауіпсіздігі қағидалары талаптарының сақталуына тексеру жүргізді. 420 білім беру нысаны ерекше тәртіпте тексерілді, нәтижелері бойынша 99 % (417 нысан) өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып пайдаланылған, 2000 мыңнан астам бұзушылық анықталған. Әкімшілік жауапкершілікке 392 лауазымды және заңды тұлғалар тартылды, оның ішінде - 320 ескерту түрінде және 82 айыппұл жалпы сомасы 3 миллион 607 мың 560 теңге, бірінші басшыларға оларды жою туралы ұйғарымдар енгізілді", - деді  Н.Өміржанов. 

Білім басқармасының мәліметінше, барлық бұзушылықтар тексеріліп, жойылды. Осыған байланысты, ШҚО ТЖД инспекторлары профилактика аясында 4,5 мыңнан астам мектеп пен балабақша қызметкерлерін қамтумен 179 нұсқама, педагогтар мен балаларды эвакуациялауды пысықтаумен 98 бірлескен оқу-жаттығу өткізді. 10 415 оқушыны қамти отырып, 62 интерактивті сабақ ұйымдастырылды. 

ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының м.а. бірінші қыркүйекке дейін білім беру объектілерінің басшылары оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі талаптарды қарастыруы қажет екендігіне назар аударды: "бірінші – бұл түтін жою жүйелерін, өртті анықтау және сөндірудің автоматты қондырғыларын, өрт кезінде адамдарды хабардар ету және эвакуациялауды дұрыс жағдайда басқару. Одан әрі Эвакуациялау жолдарын түрлі материалдармен, бұйымдармен, жабдықтармен, өндірістік қалдықтармен, қоқыспен және басқа да заттармен үйіп тастамау керек. Алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті саны болуы тиіс. Қызметкерлерді өрт шыққан жағдайдағы іс-қимылдарға үйрету. Сондай-ақ өртке қарсы сумен жабдықтаудың табиғи және жасанды көздерін, оларға кіреберістерді тиісті жағдайда ұстау қажет".

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив