KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Мереке күндері ШҚО ХҚО-лары қалай жұмыс істейді?

18.08.2022, 14:32 200

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша баспасөз қызметі Конституция күні ХҚО-лардың жұмыс режимі туралы айтты.

Елімізде 30 тамызда Конституция күнін тойлайды.

«Биыл ол сейсенбіге сәйкес келіп отыр, осыған байланысты демалыс күнін сенбі 27-нен 29-ы дүйсенбіге ауыстыру бекітілді», - деп хабарлады филиалдың баспасөз қызметі.

Осыған байланысты 27 тамыз, сенбіде ХҚО-лар 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтінін хабарлаймыз.

28-30 тамыз аралығында ХҚО-лар жұмыс істемейді.

Қалған күндері жұмыс кестесі сол қалпы сақталады. Жұмыс күндері кезекші ХҚО-лар сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қалған ХҚО бөлімдерінің жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив