KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 3 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Белгісіз біреулер дрон арқылы колонияға тыйым салынған заттарды лақтырмақ болды - ШҚО

17.08.2022, 12:30 319
Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ОВ 156/20 колониясының қызметкерлері смартфондары бар дронды және скотчпен оралған түйіншекті колония маңындағы бұзылған ғимараттың ішінен тауып алды.
Тәртіп бұзушылар колония жанындағы қараусыз қалған ғимаратқа тығылып, мекеме аумағына дронның көмегімен тыйым салынған заттарды тастауға дайындалған.
Алайда, қызметкерлерді байқаған тәртіп бұзушылар өз аппараттарын алуға үлгермей қашып үлгерген.
- Аталған факті бойынша Өскемен қаласының полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Түйіншекті ашу кезінде есірткіге ұқсас зат табылған. Сондай ақ , екі смартфон және басқару пульті бар дрон табылды. Сараптама тағайындалды, - дейді Департаменттің ресми өкілі әділет капитаны Салтанат Ожиканова. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив