KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Елде 7 ай ішінде бюджет қаражатын жымқыру бойынша 132 іс тіркелген

16.08.2022, 15:13 174

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. 
Агенттіктің биылғы 7 айдағы қызметі жөніндегі Президентке ұсынылған мәліметтерге сүйенсек, биыл жалпы 857 іс тергеліп, 88 миллиард теңге көлеміндегі залал өтелді. Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес аясында 33 ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Бюджет қаражатын жымқыру бойынша 132 іс тіркеліп, келтірілген залал 57 миллиард теңгеден асқан. Оның 53 миллиарды қайтарылды.
- Агенттік тарапынан коммуналдық қызмет саласында тарифтерді негізсіз көтеру фактілері анықталып, 20 монополистке қатысты 34 қылмыстық іс қозғалды. Тұтынушыларға тарифті азайту түрінде 11,6 миллиард теңге залал өтелді, - деп мәлімдеді агенттіктің баспасөз қызметі. - Жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығаруға қатысты 36 іс қозғалды. Атап айтқанда Павлодар, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында ірі сомадағы жанар-жағар майды заңсыз шығаруға жол берілген жоқ. 
Сондай-ақ, азық-түлік бағасын қолдан қымбаттатқан жосықсыз тасымалдаушыларға қатысты тергеу басталды.
| Пайдалану шарттары: Барлық құқықтары қорғалған. Ресми тіркелген бұқаралық ақпарат құралдары сайттағы материалдардағы мәтіннің негізгі мағынасын сақтай отырып тек үштен бір бөлігін ғана көшіріп, қайта басып, ретрансляциялауға рұқсат және ақпарат көзі - ustinka.kz парақшасына гиперсілтеме болуы міндетті. ustinka.kz материалына гиперсілтеме қолданылған материалдың бірінші немесе екінші сөйлемінде көрсетілуі керек. Материалды Instagram, Facebook, Одноклассники немесе ВКонтакте интернет-қоғамдастықтарында қолдануға ақылы немесе ортақ пайдалану бойынша келісімшарт негізіндегі редакцияның жазбаша келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Авторлық және сабақтастық құқықтарды бұзу бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес заңгерлік жауапкершілік қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив