KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Өскеменде жоғалған баланы әлі іздестіріп жатыр

15.08.2022, 11:28 166

14 тамызда түнгі сағат 02:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен баласының табылмай жатқанын айтқанын азамат Полиция департаментіне айтқан. 12 жастағы Темірлан Ахмеджанов аутизммен ауырады.
Қоңырау түсісімен, полиция қызметкерлері, құтқарушылар, ҚР Ұлттық Ұланының әскери қызметшілері және еріктілер дереу іздестіру жұмысына кірісті. Қазіргі уақытта Темірланды іздеуге оларға 550-ден астам адам тартылды. 
Кәмелетке толмаған Т.Т.Ахмеджанов жоғалып кеткен сәтте көк түсті жемпір, көк түсті трико, жасыл түсті жаздық аяқ киім (сланцы) киген. Белгілері: бойы 140 см, орташа дене бітімі, шашы қысқа, қара түсті, көздері ашық-қоңыр түсті, екі аяғында да бас бармақтың аймағында зақым бар (тырнақтардағы қара түсті).
Айта кетейкі, сол түні бала анасымен бірге ұйықтап жатқан, түнде оянғанда баласының жанында болмай шыққаны анықтады. 

- Бала ақыл-есі кем, тұйық, сөйлемейтін бала деп сипатталады. Полиция ұқсас аурулары бар балаларды емдеуге маманданған медицина қызметкерлерінен сауалнама жүргізді. Ол басқалардан әдейі жасырынып, оның атын атағанда жауап бермеуі мүмкін деген болжам бар. Отбасының өзі қолайсыз отбасы ретінде есепте жоқ. Жоғалған бала үйіне өзі оралады деп болжаған анасы, полицияға уақтылы жүгінбеген. Жоғалған сәттен бастап полицияға жүгінген сәтке дейінгі уақыт аралығы 10 сағаттан асқан, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта іздеу аумағы 14 секторға бөлінген. 1 мыңға жуық саяжай учаскелері тексерілген, олардың көпшілігі қараусыз қалған. 

- Тексеру  жаяу жүру тәртібімен де, қызметтік автомашиналар мен атты әскерлерді пайдалану арқылы жүргізілуде. Таңға қарай саяжай массивіне жақын жатқан көп қабатты үйлер, Жаңа Согра кенті пысықталды, шатырлы үй-жайлар мен жертөлелер қаралды. Дүкендердің, соның ішінде азық-түлік дүкендерінің барлық қызметкерлерімен әңгімелесу жүргізілді, - делінген ПД таратқан ақпаратта.

Құтқарушылар саяжай массиві ауданында ағып жатқан «Маховка» өзенінің арнасын тексеруді жалғастыруда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив