KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2,1 м/с, З
444.32 473.33 4.76

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

17.02.2021, 09:44 230

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті. Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті.

Қайғылы хабарды Qazaqstan ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі таратты. 

Нұртілеу Иманғалиұлы «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер», «Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды.

Н.Иманғалиұлы 2006-2007 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік Қоғамының басқарма төрағасы, одан кейінгі жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Соңында ізбасар шәкірттер тәрбиеледі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив