Өскемен
-29°
переменная облачность ветер 1 м/с, ЮВ
468.9 485.64 7.7

Елдегі қоғамдық көліктердің 46 пайызы ескі. Әсіресе Ақтау, Өскемен, Талдықорғанда

11.08.2022, 14:38 0 0
Елімізде автобустардың жартысына жуығы ескі. 

Индустрия және инфроқұрылымды дамыту министрлігі өңірлерде автобус парктерін жаңарту мәселесін көтерді.

Қазіргі таңда қалаларда 10 мыңнан астам қоғамдық көлік бар, деп жазады qazaqstan.tv.

Ақтау, Өскемен, Талдықорған, Петропавл, Орал және Қостанай қалаласындағы қоғамдық көлікті тозу деңгейі 46 пайызға жеткен.

Көлік комитеті паркті жаңартудың негізгі жолы тасымалдаушы кәсіпорын шығындарын субсидиялау екенін айтады.

2018-2021 жылдар аралығында республика бюджетінен 79 млрд теңге қаржы бөлініп, жеңілдетілген лизингпен 2300-ге жуық автобус алынған.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив