Өскемен
+3°
пасмурно ветер 1 м/с, С
457.29 490.35 5.97

Макаров пен Стечкин тапаншасына арналған патрондар тәркіленді – Глубокое

10.02.2021, 14:43 20 0

Қаңтар айының соңында Өскемен қаласы ПБ «102» жедел арнасына «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында қала аудандарының бірінде бұрын сотталған Глубокое ауданының 49 жастағы тұрғынының ұсталғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Жеке тексеру кезінде оның күртешесінің қалтасынан 9 мм калибрлі 5 патрон және 243 мм калибрлі 3 патрон табылды.

- Сарапшы маманының қорытындысы бойынша: тәркіленіп алынған 5 патрон Макаров тапаншасы мен Стечкин автоматты тапаншасынан атуға арналған 9 мм патрондар болып табылады және көрсетілген қару түрлеріне арналған оқ-дәрі болып табылады. Сондай-ақ тәркіленген 3 патрон тиісті аңшылық мылтық қаруларынан атуға арналған, калибрі 7,62*51 мм калибрлі мылтық патрондары және қарудың көрсетілген түрлеріне арналған оқ-дәрілер. Бұл патрондар зауыттық тәсілмен дайындалған және атуға жарамды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287–бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив