KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Жыл басынан бері 2 млн.теңгеден астам сомаға айыппұл салынды - ШҚО

26.01.2021, 09:51 103

Пандемия басталғаннан бері ШҚО аумағында коронавирустық инфекцияның 19 835 жағдайы тіркелді. 2021 жылғы 24 қаңтардағы жағдай бойынша тәулігіне 31 жаңа КВИ жағдайы тіркелді.

- 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап облыс бойынша 176 мониторингтік топ 544 рейд жүргізді. Карантин шаралары бұзылған 69 нысан анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша жалпы сомасы 2 млн.теңгеден астам 37 айыппұл салынды, - деді 

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі Қанат Тұрдиев.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілі атап өткендей, бүгінгі күні шектеу және өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау арқылы инфекцияның таралу тізбегін бұзуға мүмкіндік беретін алдын алу және профилактикалық тиімді іс-әрекеттер бойынша жұмысты жалғастыру өте маңызды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив