KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, СБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Жаңа оқу жылында мектеп формасына қандай талап қойылады

9.08.2022, 16:52 172

Алдағы оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптар сол қалпы қалады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіндегілер айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Өткен жылдағыдай заңнамалық нормалар қолданылады. Яғни оқушылар бұрын сатып алған немесе дайындаған формамен мектепке еркін келе алады, - деп мәлімдеді Оқу-ағарту министрлігі.
Бұл ретте министрлік өкілдері «ата-аналардан кейбір мектептерде мектеп формасына қойылатын талаптар, яғни түс, киім дизайны бойынша талаптар нақты жеткізушілерге немесе өндірушілерге сәйкес жасалғаны туралы шағымдар бар екенін» атап өтті.
- Осыған байланысты кейбір өңірлерде білім басқармалары ата-аналар қауымдастығы және қамқоршылық кеңестерімен келісе отырып, әр мектеп өз талаптарын қоймауы үшін өңірде бірыңғай түсті енгізуді, сол арқылы ата-аналардың таңдауына шектеу қою туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.
Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова «талаптардың өзі өзгермегенін» баса айтты.
- Мысалы, егер оқушы мектепке сатып алынған немесе бұрын сол мектептің Қамқоршылық кеңесі бекіткен аға-әпкелерінен қалған форманы киіп келе алады, - дейді Оқу-ағарту министрлігі.
Ол ата-аналардың өтініштерінен кейін бірнеше білім басқармасы қамқоршылық кеңестермен бірлесіп, облыс бойынша мектеп формасының біркелкі түсін белгілеуге шешім қабылданғанын айтты.
- Облыс бойынша мектеп формасының бірыңғай түсін белгілеуге тоқтала кетсек. Бұл нақты жеткізушілерге талаптар қою тәуекелдерін барынша азайтып, қолжетімді форманы (нарықта немесе дүкенде) сатып алуға мүмкіндік береді, - дейді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив