KZ
Өскемен
-3°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Тоқаев кімдердің жалақысы өсетінін айтты

20.01.2021, 13:03 144

Биыл бюджет саласындағы 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысы ұлғаяды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминмен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Ақорда

Президенттің тапсырмасымен үкімет 2020 жылы бюджет саласындағы 883 мың қызметкердің еңбекақысын өсірді. Атап айтқанда 609 мың педагогтың жалақысы 25 пайызға, 215 мың медицина қызметкерінің еңбекақысы 30 пайызға дейін, мәдениет, архив және өнер саласындағы 34 мың қызметкер мен әлеуметтік қорғау саласындағы 25 мың қызметкердің жалақысы 50 пайызға дейін көбейген.

Тоқаев биыл да бюджет саласындағы 1 миллион 70 мың қызметкердің еңбекақысын арттыру жұмысын жалғастыру аса маңызды міндет деп есептейді. Соның ішінде 785 мың педагогтың жалақысын 25%-ке, 247 мың медицина қызметкерінің еңбекақысын 30%-ке, әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік-медициналық мекемелердің 38 мың қызметкерінің айлығын 45%-ке көтеру жоспарланып отыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив