KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-да есірткімен айналысқан қылмыстық топ 10 жылға сотталды

9.08.2022, 15:38 262

Өткен жылдың жазында полицейлер елдің шығысында және Алматы облысында әрекет еткен ірі есірткі желісін жою бойынша кең ауқымды арнайы операция жүргізді.

Бір ай ішінде топтың барлық алты қатысушысы ұсталды. Қазіргі уақытта сот үкімімен олар 10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылды.

-  Мұқият астыртын әрекет ете отырып, қылмыскерлер әрдайым жалдамалы пәтерлерді ауыстырып отырып, есірткі желісінің әр мүшесіне жүктелген жұмысы болған, біреу жеткізуге жауап беріп, біреу есірткінің дозасын өлшеп, кейіннен қала бойынша жасырып отырған. Тінту барысында сатуға дайын шамамен 10 кг. синтетикалық есірткіні тәркіленді, бұл шамамен 100 000 бір реттік дозаға тең, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта олардың барлығы орташа және ең жоғары қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтейтін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив